12-02-21 |
1580 рет қаралған
Ресей елшілігі АҚШ-қа үндеу жолдады.
Ресей елшілігі АҚШ-қа үндеу жолдады

Ресейдің АҚШ-тағы елшілігі америкалық серіктестерін Қара теңізде қару-жарақпен сес көрсетуді және акваторияда америкалық кемелерді орналастыруға сылтау іздеуді доғаруға шақырды.  

Бұған дейін Америка Құрама Штаттарының әскери-теңіз күштері түрік флотымен бірлесіп оқу-жаттығу өткізетінін мәлімдеген болатын. Оған екі эсминец пен екі Р-8А барлаушы ұшағы қатысты.

«Біз америкалық әскерилерді АҚШ-тың аймақтық суларында өз ісімен айналысуға және еш негізсіз қару-жарақты жалаңдатуды доғаруға шақырамыз. Қара теңіздегі бейбітшілік пен қауіпсіздік басқа мемлекеттің араласуын қажет етпейді», – деп жазылған дипломатиялық миссияның үндеуінде.

Сондай-ақ, елшіліктегілер АҚШ Қара теңізде жау іздеп жүргенін және әскери оқу-жаттығуларды желеу етіп, акваторияда Америка кемелерін ұзақ уақыт ұстауды көздеп отырғанын атап өтті.

23 қаңтарда Қара теңізде «Дональд Кук» америкалық эсминеці пайда болды. Ол «Портер» кемесіне барып қосылды. Күні кеше олар Қара теңіз аймағынан шықты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.