arasha.kz

Ресей өз бақылауына өткен Украина жерлерін аннексиялауға дайындалуда

Ресей Херсон, Запорожье және Донбасты толығымен Ресейдің бір бөлігі деп жариялау жоспарын қарастыруда. Бұл туралы АҚШ президенті жанындағы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресей өз бақылауына өткен аймақтарға өз адамдарын тағайындап, тұрғындарға мәжбүрлі түрде Ресей төлқұжатын беріп, аумақтың Ресейге қосылуы жөнінде шартты түрде референдум өткізбек. Сөйтіп Ресей Қырымды аннексиялаған жоспарын қайталамақ.

Джон Кирбидің барлау қызметі мәліметіне сүйене отырып айтқандарына қарағанда, аннексиялау жылдың аяғына қарай өтуі мүмкін.

АҚШ президенті жанындағы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Ресейдің аннексия жасауы жазасыз қалмайтынын және ол әрекеті БҰҰ жарлығын өрескел бұзған болып есептелетінін де айтқан.

Exit mobile version