10-04-24 |
8630 рет қаралған
РЕСЕЙ ҚАЗАҚСТАН АРҚЫЛЫ ҚЫТАЙҒА 2,5 МЛН ТОННА МҰНАЙ САТҚАН.
РЕСЕЙ ҚАЗАҚСТАН АРҚЫЛЫ ҚЫТАЙҒА 2,5 МЛН ТОННА МҰНАЙ САТҚАН

2024 жылдың I тоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ 2 млн 507 мың тонна көлемінде «Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбыры арқылы Қытайға Ресей мұнайының транзитін жүзеге асырған.

2023 жылы Ресей мұнайының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына транзитінің көлемі 9 млн 989 мың тоннаны құрады.

2014-2023 жылдары «Қазтрансойл» АҚ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына 91 млн тонна Ресей мұнайын жеткізуді қамтамасыз етті.

«ҚазТрансОйл» АҚ 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей мұнайының Қытай Халық Республикасына транзитін жүзеге асырып келеді.

2022 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ 2033 жылғы 31 желтоқсанға дейін «Роснефть» ҰК» ЖАҚ-мен Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсыну шартын ұзартты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.