Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде Еуроодақтың бас дипломаты Жозеп Боррельмен кездесіп, ЕО мен Ресейдің қарым-қатынасы туралы айтты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Ресей сыртқы істер министрлігінің басшысы екі тараптың да диалогты жалғастыруға мүдделі екенін білдіргенін мәлімдеді, сонымен бірге қарым-қатынастың одан әрі нашарлауы келеңсіз және болжап болмайтын салдарларға алып келетінін атап өтті, деп хабарлайды Спутник Қазақстан.
«Екі тарап та диалог арналарын сақтауға және кеңейтуге, соның ішінде біздің ұстанымдарымыз бір-біріне қайшы келетін мәселелерге мүдделі екенін растады. Мұндай мәселелер өте көп. Біз екі жаққа да қызықты әрі пайдалы болатындай прагматикалық ынтымақтастық орнатуға дайын екенімізді атап өттік», – деді Лавров.
«Біздің байланысымыздың одан әрі нашарлауы келеңсіз және күтпеген салдарларға алып келеді деген ортақ пікірге келдік», – деп толықтырды сыртқы істер министрі.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024