Ресейдің Костромск облысы Красносельский ауданы Карабаново ауылындағы шіркеудің дін қызметкері Иоанн Бурдиннің үстінен Ресейдің Украинадағы соғысына қарсы сөз айтқаны үшін іс қозғап, қамауға алған. Бұл туралы «Сетевые свободы» телеграм каналы жазды. Осы каналға сілтеме жасап, BBC де бұл оқиғаны жариялады.
Орыс селосындағы шіркеу қызметкері Иоанн Бурдин шіркеуге келген он адамға Ресейдің Украинадағы соғысына қарсы уағыз айтып, шіркеу сайтындағы соғысқа қарсы петиция туралы айтқан. Иоан әкей Ресей қарулы күштерінің Украин қалаларын атқылап, бейбіт адамдар қырылып жатқанын сөз еткен.
Иоан әкейді діни жұмысы аяқталған соң, бірден полицияға шақырып, әкімшілік іс қозғап, қамауға алған. Сот 7 наурызда өтпек.
Бұдан бұрын Ресейде Украинадағы «арнайы операцияны» соғыс деп айыптап, оған қарсы көзқарас, пікірдегі адамдардың жалған ақпарат таратқаны үшін 15 жыл бас бостандығынан айыратын заң қабылданған.
Кеше Ресейдің 50 астам қаласында Украинадағы соғысты айыптаған, соғысқа қарсы митингілер өтіп, полиция 5 мыңға жуық адамды тұтқындаған.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024