Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары басталды. Президентті әуежайдан Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин және хаттама департаментінің басшысы Игорь Богдашев, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов күтіп алған. Бұл әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Мұндағы негізгі әңгіме – Тоқаевты тиісті дәрежеде ресми тұлға – Путин немесе Ресей сыртқы істер министрі күтіп алмады дегенге саяды.
Алайда, әр мемлекеттің шетел президенттерін іссапар кезінде күтіп алу, шығарып салуға қатысты өз тәртіптері бар. Мәселен, sputnik.kg-ның жазуынша, Ресейдің мемлекеттік протокол тәжірбиесінде өзге елдің президенттерін күтіп алудың үш түрлі сценарийі бар.
- Өзге ел басшысының мемлекеттік сапары кезінде Ресей жақтан қонақты сол елшісі, сыртқы істер министрлігінің орынбасары және сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік протокол департаменті директоры күтіп алады/шығарып салады.
- Өзге ел басшының ресми сапары болса, онда да сол елшісі, сыртқы істер министрлігінің орынбасары және сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік протокол департаменті директоры күтіп алады/шығарып салады.
- Өзге ел басшысы жұмыс сапарымен барса, онда сыртқы істер министрлігінің орынбасары және сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік протокол департаменті директоры күтіп алады/шығарып салады.
Бұл тәртіппен қарасақ, президент Қ.Тоқаевты Ресей тарапы мемлекеттік протоколға сай күтіп алған. Ал Тоқаев Ресейге ресми сапармен барды.
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
18.12.2024
-
18.12.2024
-
18.12.2024
-
18.12.2024
-
18.12.2024
-
18.12.2024
-
18.12.2024