АҚШ әділет министрлігі Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев пен оның ұлы Максим Бакиев екеуінің елден шығарған 4,5 миллион долларды Қырғызстанға қайтарғанын мәлімдеді. 27 ақпанда ақша Қырғызстанның қаржы министрлігіне аударылған. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, барлығы алты миллион доллардың ізі Бакиев отбасының жеке банкирі Евгений Гуревичке қарсы қозғалған істі тергеу кезінде анықталған.
АҚШ-тың әділет министрлігінің хабарламасында қырғыз үкіметі бұл қаржыны аймақтардағы ауруханаларға медициналық құрал-жабдық сатып алуға, тұрғындарды таза сумен қамту жобалары мен жемқорлыққа қарсы бағдарламаларға жұмсайтыны айтылған.
25 ақпанда Бішкекте Құрманбек Бакиев билігі тұсында қолды болған активтерді кері қайтару туралы келісімге АҚШ пен Қырғызстан өкілдері қол қойды. Екі тараптың хабарлауынша, қазір қалған қаржыны да қайтару жұмыстары жүріп жатыр.
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024