Ұлттық қауіпсіздік комитеті 5-департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов «Қаңтар оқиғасы» кезінде бұйрықты Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш бергенін айтты. Ол сондай-ақ Арман Жұмагелдиевті тұтқындау туралы бұйрық шетелден түскенін мәлімдеді. Мұндай мәлімдемелерді Руслан Ысқақов сот процесі кезінде айтты.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 5-департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов, Арман Жұмагелдиев, Қайрат Құдайберген және тағы басқалардың үстінен қозғалған іс бойынша сот ісі бүгін үшінші күн жалғасып жатыр.
Руслан Ысқақовтың айтуынша, тергеуден кейін бір жылдан соң, оның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойыннша берген куәліктеріне құпия белгісі қойылған. Ысқақовтың ойынша, оның айтқан куәліктерін құпия белгісінің қойылуы ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіштің болған оқиғадағы ролін жасыру үшін істеліп отыр.
«Олар менің Әбіштің бұйрығын орындағанымды айтқызбауға тырысып жатыр», – деді сотта Руслан Ысқақов.
Сондай-ақ Ысқақов: «Арман Жұмагелдиевті ұстау туралы бұйрық шетелден түсті. Жай ғана телефон арқылы», – деді Ысқақов. Телефон қоңырауы қай елден түскенін Ысқақов айтпады.
Ысқақов бұл мәлімдемелерді оның авдокаттары оны үйқамақта ауыстыру туралы талабы сот қойған талаптары кезінде айтқан.