Орталық сайлау комиссиясы бастамашыл топтан сайлау және саяси партиялар туралы заңдарға өзгеріс енгізуге қатысты референдум өткізу туралы өтініш келіп түскенін хабарлады. ОСК өтініш заң сәйкес уақыт ішінде қаралады деп мәлімдеді.
«Бастамашыл топтың өкілдері Н.У. Искалиев, А.К. Абдикаликова, М.Ж. Дарибеков Орталық сайлау комиссиясының қарауына бастамашыл топты тіркеу үшін құжаттар пакетін және ол референдумға ұсынған мәселелерді енгізді.
Бастамашыл топты тіркеу туралы өтінішпен бірге 62 адамды құрайтын референдум тағайындау туралы мәселе бойынша бастамашыл топты құру туралы жиналысқа қатысқан тұлғалардың тізімі және деректері көрсетілмеген 2019 жылғы 10 қарашадағы жиналыстың хаттамасы ұсынылды.
Сондай-ақ республикалық референдумның бастамашыл тобы отырысының 10 қарашадағы хаттамасы, бастамашыл топ мүшелерінің деректері көрсетілген тізімі және референдумға ұсынған мәселелер енгізілді:
1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізуге, оның ішінде пропорциялық жүйемен тең мөлшерде бір мандатты округтер бойынша сайлау жүйесін енгізуге келісесіз бе?»;
2) «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізуге, оның ішінде партияны мемлекеттік тіркеу кезінде оның мүшелерінің санын қырық мың адамнан бір мыңға дейін азайтуға келісесіз бе?».
Аталған құжаттарды Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң талаптарының сақталуы мәніне заңнамамен белгіленген мерзімде қарайтын болады» делінген ОСК таратқан ақпаратта.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024