09-06-21 |
2340 рет қаралған
Сарапшылар Сириядағы Түркия мен Ресейдің әрекетіне алаңдады.
Сарапшылар Сириядағы Түркия мен Ресейдің әрекетіне алаңдады

Сирияның солтүстігі мен солтүстік-шығысын Дамаск бақылап отырған жоқ. Анкара бұл аймақта ауруханалар мен мектептер салып, жеке куәлік таратып, түрік лирасын қолданысқа енгізіп жатыр. Күрдтердің ауданына түркімендер мен араб-сунниттер жайғасып жатыр, деп жазды Sputnik Қазақстан РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Сирия сыртқы істер министрлігі түрік режимінің террористер бақылауындағы Идлиб аудандарында азаматтық ахуалды тіркеу актілеріне арналған механизмді енгізуін қоштамайды. Сириялық жеке куәліктер мен отбасылық құжаттар жойылып, олардың орнын түрік құжаттары басып жатыр», – деп жазды сириялық ақпарат агенттігі.

Дамаск елге Франция мен Нидерланды делегацияларының «заңсыз кіруін» де құптамады. Олар «Сирияның демократиялық күштері» араб-күрді құрылымдарына қарасты аумақта болған. СІМ мұны «халықаралық құқықты өрескел бұзу» және » Сирияға қарсы агрессия» деп атады.

Түркиямен іргелес жатқан солтүстікте жағдай мүлде басқаша. Анкара бұл жақта 2016-2018 жылдар аралығында күрділерге қарсы түрлі әскери операциялар жүргізді.

Батыс және араб БАҚ-тары аймақтың түркіленіп жатқанын бұған дейін де жазып келді: елді мекендерге түрікше атаулар беріліп, лира сириялық фунтты ығыстырды. Демографиялық жағдай да өзгеріп жатыр: күрділердің аудандарына түркілер мен араб-сунниттер жайғасуда.

Анкара аймақтағы мектептерді қалпына келтірді немесе қайта тұрғызды, мектеп бағдарламасын түркілерге қарай бейімдеп, түлектерге Түркия унивеститеттеріне оқуға түсуге кеңес берілуде. Ауруханаларды қалпына келтіруді де Анкара өз мойнына алды. Мамырдың соңында Түркия Идлибтегі электр жарығын жеткізу жүйесін реттеді. Жөндеу жұмыстары жеті айға созылды. Бұған дейін жарық күніне екі сағат қана беріліп келген.

Маусымның басында Түркияға БҰҰ жанындағы тұрақты өкіл Линад Томас-Гринфилд келді. Олар Сирия Араб республикасының солтүстігіне БҰҰ «Баб әл-Хава» бақылау-өткізу пункті арқылы үздіксіз гуманитарлық көмек жөнелту туралы келісімге келді.

Аталған бақылау-өткізу пунктіне мандат 10 шілдеде аяқталады. Батыс пен Түркия мандатты созуды талап етсе, Ресей бұған қарсылық білдіріп отыр. Анкара бақылау-өткізу пункті болмаса, Түркияға сириялық босқындар қайтадан сабылатынын айтып жатыр. Ал Ресей бұл БӨП арқылы өтетін гуманитрлық көмек көбіне содырлардың қолына тиіп жатқанын алға тартты.

Мәскеу мен Анкара өткен жылдың наурызында қол жеткен Сирия бойынша келісімдердің орындалуына көп наразылық білдіруде. Тараптар оқ атуды тоқтату режимінің тұрақты бұзылып жатқанын тіркеп, жараланғандар туралы түрлі мәлімет келтіруде. Ал көктемде келісімнің бұзылу қаупі төнді.

Мәскеу өз кезегінде дипломатиялық арналар арқылы әрекет етіп, жағдайды реттеуге кіріспекші. 2020 жылдың басында Идлибте ауқымды эскалация болды. Ресейдің қолдауымен сириялықтар стратегиялық аудандарды азат ете алды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.