фото: uznews.uz
Өзбекстан билігі Сардоба су қоймасы апаты салдарынан жайылған судан зардап шеккен 4,5 мыңға жуық әр үйге 4 мың АҚШ долларына шақ қаражат бермек. Оған қоса тұрмыстық техника да тарту етілмек. Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Сардоба ауданы тұрғындарымен кездесуде айтқан.
Зардап шеккен әр үйге берілетін 40 миллион сом (4 мың АҚШ долларына шақ қаражат) Алишер Усмановтың Сардоба апатына байланысты берген 10 миллион АҚШ доллары көлеміндегі көмегі есебінен жасалмақ.
Сондай-ақ Мирзиеев үйлері бұзылған тұрғындарға мемлекет есебінен жаңа үйлер салынатыны, күзге қарай тұрғындар жаңа қонысқа көшетінін айтқан.
Сардоба су қоймасы апатынан Түркістан облысының Мақтарал ауданындағы бірнеше ауыл зардап шекті.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024