Жер қатынастары жөніндегі заңгер Bazarbek&Partners заңгер компаниясының жетекшісі Бақытжан Базарбек 27 желтоқсанда ұшақ апаты болған жер мәселесіне қатысты жаңа факт жариялады.
Заңгер ұшақ құлаған Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Гүлдала ауылы аумағының шекарасы бекітілген құжатты жариялады.
«Алдарыңызда маңызды дәлел: 2017 жылдың 6 ақпанында Талғар ауданы әкімшілігі мен мәслихаты бірлесіп бекіткен №02-30-шы Гүлдала ауылының шекара аумағы жоспарының шешімі.
Бұл ауыл аумағының шекара жоспарындағы ұшақ құлаған жер және басқа жерлер (жас түс) бұрын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатында болған.
Жоғарыдағы шешімге сәйкес, Гүлдала ауылының шекарасы 104,8787 гектарға өзгерген. Сөйтіп ауылдың жаңа жалпы аумағы 339,9000 гектар болған.
Жер қатынастары жөніндегі сарапшы ретінде менің жоғарыдағы құжатқа қол қойғандар мен тергеу тобына сұрағым бар:
Бірінші – егер ұшақ құлаған жердің қолданыс мақсаты 2011 жылы ауыл шаруашылығы мақсатында қолданыстан (КХ) жеке қосалқы шаруашылық жүргізу мақсатына (ЛПХ) өзгертілген. Ал жоғарыдағы құжатта Гүлдала ауылының аумақ шекарасы 2017 жылы өзгертілген. Ендеше, Талғар әкімшілігі Гүлдала ауылының аумағына 2017 жылы ғана енгізілген жердің қолданыс мақсатын 2011 жылы қалай өзгерткен? Ол жер 2011 жылы Гүлдала аумағын жатпайтын, кірмеген аумақ.
Жер кодексінің 97 бабының 3-2 тармағында сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатында жерлер (КХ) жеке қосалқы шаруашылық жүргізу мақсатына (ЛПХ) ауыстыру тек ауыл аумағы шекарасы кеңейтілген жағдайда ғана рұқсат етіледі. Сонда 2011 жылы жердің қолданыс мақсаты бас жоспарсыз, ауыл аумаңы шекарасын өзгерту туралы шешімсіз өзгертілген бе?
Екінші – Талғар ауданы әкімшілігі мен мәслихаты «жасылмен белгіленген жерлер (қызылмен белгіленген жерлерде) әуежайдың қорғалған аумағы екенін біле тұра құжатты әуежай авиация әкімшілігінің келісімінсіз қабылдаған ба? Және ауылға қосылған жерлердің қандай нәрсеге қатыстылығы неге көрсетілмеген?
Бұл сауалдарды тергеу тобына бағыттаймын» деп жазады заңгер.
27 желтоқсанда Алматыда Bek Air әуе компаниясының ұшағы құлап, 12 адам мерт болған еді. Ұшақ апатын зерттеуге үкімет комиссиясы құрылған.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024