03-05-21 |
1710 рет қаралған
Шекарасындағы қақтығыстан 34 қырғыз азаматы көз жұмды.
Шекарасындағы қақтығыстан 34 қырғыз азаматы көз жұмды

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы қақтығыстан 46 адам көз жұмды. Оқиғадан зардап шеккен қырғыз азаматтарының саны 173-ке жетіп, оның 34 қаза болды. Ал Тәжікстан тарапы 12 азаматынан айрылды.

Екі ел шекарасындағы қақтығыстан салдарынан Қырғызстандағы он шақты ауыл зардап шекті. Жермен-жексен болған үйлер бар. Атқылаған оқ астында қалған шекарадағы әскери бекет те бүлінді.

Қырғыз билігінің мәліметінше, тәжік тарапы пулеметтен оқ атып, минометтен бомба жаудырған. Бұған қоса Ми-24 әскери ұшағын қолданған. 

Баткен облысында келіссөздер өтіп, оған Қырғызстан МҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев пен Тәжікстан МҰҚК басшысы Саймумин Ятимов қатысты. Кездесу барысында олар екі мемлекеттің шекарасында атысты толық тоқтату туралы келісімге қол жеткізді.

Еске сала кетейік, 28 сәуірде  Баткен ауданының Көк-Таш ауылындағы «Головный» су тарату пунктінің ауданында екі ел тұрғындары өзара келіспеушілігінің соңышайқаспен жалғасқан еді.

Қазір шекарадағы жағдай тұрақты. Тұрғындар үйлеріне қайтып, жол қайта ашылған. Зардап шеккен ауылдар қайта қалыпан келтірілуде. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.