Financial Times «Мен бастаған кезде [Қазақстанда] старт-ап деген не екенін ешкім білмеді» атты мақала жариялады. Онда «Каспийдегі Ақтау технологиялық хаб болуына әлі ерте, бірақ бір жергілікті кәсіпкер оны өзгертуде» деп, жергілікті кәсіпкер Роман Гурбановпен жүргізген аудио (сұхбат осы сілтемеден тыңдауға болады) сұхбатын жариялады.
«Қазақстан үшін бірінші мәселе – пікірлес, ойы бір жерден шығатын адам табу. Алғаш рет, 2013 жылы мен бастаған кезде ешкім start-up не екенін білмейтін, – дейді құрылыс компанияларына сатып алуға көмектесетін «Bizmo Cubes» компаниясының негізін қалаушы Роман Гурбанов. Гурбанов мырза Ақтау қаласында бағдарлама жасаушылар табуға тырысып, дарындарды өсіруге көмектесу үшін өзінің жеке кодтау мектебінен ашады.
Дегенмен, Қазақстан экономикасын мұнайға баса назар аудармай, жаңа технологияларды жетілдіру үшін үшін бір жыл бұрын «Цифрлық Қазақстан» жобасын бастады. Гурбанов мырза өзі көрген өзгерістер туралы ФТ тілшісімен сөйлесті.
«Министр индонезиялықтарға Қазақстанға визасыз кіруді ұсынады» JakartaGlob. Индонезия үкіметі Қазақстанның Индонезия азаматтары үшін визалық талаптарды алып тастауын және екі ел арасындағы байланыстарды жақсартуды күтеді.
Қазақстан азаматтары Индонезияда 30 күнге визасыз кіре алады.
«Қазақстан да индонезиялықтарды елге визасыз кіруге рұсат береді деп үміттіміз», – деді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 27-ші мерекесі кезінде сөйлеген сөзінде Әділет және адам құқықтары министрі Ясонна Лаоли (Yasonna Laoly) Джакартадағы Елшілікте.
ҚР Елшісі Асхат Оразбай басқа елдердің азаматтарына визасыз кіріп-шығуды қамтамасыз ететін заңды үдеріс бар екенін айтты.
Индонезия мен Қазақстан халықтың басым көпшілігі мұсылман мемлекеттер және екеуі де Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының мүшелері. Екі мемлекет дипломатиялық қатынастарын 1993 жылы орнатты.
Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдерінің конференциясы аясында Қайрат Әбдірахманов Брюссельде ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Фредерика Могеринимен (Federica Mogherini) кездесті деп хабарлады eureporter.co
Кездесу барысында талқыланған мәселелердің арасында қазақстандықтар үшін еуропалық виза алуды жеңілдету де сөз болды. Астана Әріптестік пен ынтымақтастықты нығайту туралы келісім ( Enhanced Partnership and Cooperation Agreement between Kazakhstan and the EU) шеңберінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынасты одан әрі жақындатуға ұмтылады. Министр Қ.Әбдірахманов ЕО елдеріне баратын қазақстан азаматтары үшін визалық шектеулерді жеңілдету осы мәселедегі басымдық екенін айтты. Тиісті келіссөздер Одақтың жаңа визалық кодексті қабылдағаннан кейін басталуы керек.