17-04-18 |
4290 рет қаралған
Шетел депутаттары Қазақстанның ашық, демократиялы және құқықтық мемлекет екені туралы айтты.
Шетел депутаттары Қазақстанның ашық, демократиялы және құқықтық мемлекет екені туралы айтты

16 сәуір күні Алматы қаласында азаптаумен күрес тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Бүгін Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Бас прокурорының орынбасары Е. А. Кененбаев, Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Р. Т. Жақыпов, СІМ басшысының орынбасары Р. Ю. Василенко, Жемқорлықпен күрес бойынша Ұлттық бюро тергеу департаментінің жетекшісі С. Н. Перов шетелдік депутаттар делегациясына арнап брифинг өткізді. Жиын барысында Қазақстанда қолға алынған азаптауға қарсылық және жалпы адам құқығын қорғау мәселелері қаралды.

Ішінде Испания, Румыния, Польша делегаттары болған парламент өкілдері және Италия мен Чехиядан келген мемлекеттік емес ұйымдар, ҚР Парламент Сенатының депутаттары Қазақстанның пенитенциарлық жүйесімен танысты. Таныстырылымда Қазақстан Республикасының 1998 жылы БҰҰ Конвенциясына қосылғалы азаптаумен күрес мақсатында түрлі шара жасалғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстанның ашық, демократиялы және құқықтық мемлекет екені туралы да айтылды. Бүгінде мемлекеттік органдар азаптау фактілерін жасырмайды және кінәлілерді жақтамайды. Мемлекет әр шағымды қарап, барлығының заң жүзінде жүзеге асуы үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп отыру саясатын ұстанады.

Дереккөз: baq.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.