arasha.kz

«Үшінші немесе одан кейінгі балалар туған кезде ипотеканы өтеу үшін қаражат беріледі»

Ресей Федерациясында отбасылар мемлекеттен үшінші немесе одан кейінгі балалар туған кезде ипотеканы өтеу үшін 450 мың рубльден алады деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володин және Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенко әр түрлі фракциялардың депутаттарымен бірге дүйсенбі күні ипотекалық несие алған отбасыларға үшінші немесе одан кейінгі балалары туылғаннан кейін көмек көрсетуге мүмкіндік беретін заң жобасын енгізді.

«Заң жобасы РФ президенті Владимир Путиннің Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған. Мемлекет басшысы үшінші немесе одан кейінгі балалары туған көп балалы отбасылар 450 мың рубль мөлшерінде өзінің ипотекалық несиесін өтеу үшін мемлекеттен өтемақы алу міндетін қойды», – деді РФ Парламенттің төменгі палатасының басшысы.

Exit mobile version