Шри-Ланкада бірнеше терактілер салдарынан қаза болғандардың саны 321-ге жетті. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарының министрі Руван Виджевардане сейсенбі күні республикалық парламентте сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Newsfirst жаңалықтар порталы.
Терактта 521 адам жарақат алып, оның 375-і медициналық мекемелерге жеткізілген.
Шри-Ланканың Экс-Президенті Махинда Раджапакс: «Шри-Ланка Үкіметтің барлау қызметкерлерін қудалаумен айналысуына байланысты террористер үшін жеңіл нысанаға айналды. Бұл Үкімет ұлттық қауіпсіздік барлау қызметтері үшін маңызды емес екенін әрдайым дәлелдеп келеді» ,-деді ол.