09-10-20 |
1740 рет қаралған
Сооронбай Жээнбеков отставкаға қатысты өз шарттарын айтты.
Сооронбай Жээнбеков отставкаға қатысты өз шарттарын айтты

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков халыққа кезекті үндеу жасап, отставкаға қатысты өз шарттарын айтты. Мемлекет басшысы үкімет пен оның мүшелерін тағайындауды заңдастыру үшін Жоғарғы Кеңес пен президент жарлығының керектігін, оған қол қоюға әзір екендігін мәлімдеді. «Мен үшін ешқандай лауазым елдің тұтастығынан, бірлігінен және қоғамның тыныштығынан артық емес. Біз мүмкіндігімізше тез арада құқықтық жүйені реттеуіміз керек. Барлық саяси күштерді алауыздық тудырмай сабырлық пен тыныштық сақтауға шақырамын. Атқарушы билік органдарының басшылары заңдастырылған соң және ел заң жолына түскеннен кейін Қырғыз Республикасы президенті қызметінен кетуге дайынмын», – деді Сооронбай Жээнбеков.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.