Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков елдегі саяси дағдарысқа байланысты кезекті үндеу жолдады.
«Кейбір саяси күштердің әрекеттері салдарынан елдің дағдарысқа ұшырағанына үш күн болды. Бұл жағдай қырғызстандықтарға өте ауыр тиіп отыр. Мен сіздердің талаптарыңызды жақсы түсінемін. Сондықтан дағдарыстан шығу үшін президент ретінде қолымнан келгеннің бәрін жасайтын боламын. Осы мақсатта түрлі саяси күштермен жекелей келіссөз жүргізіп жатырмын» – делінген үндеуде.
Сооронбай Жээнбеков әзірге ешбір тараптың жағдайды реттеу үшін келіссөз алаңын ұсынбай отырғанын айтты.