30-04-19 |
3800 рет қаралған
Сот Гульнара Каримованың қымбат автокөліктеріне қатысты шешім шығарды.
Сот Гульнара Каримованың қымбат автокөліктеріне қатысты шешім шығарды

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың қызы Гульнара Каримовадан тәркіленген шамамен 1 миллион АҚШ доллары тұратын үш қымбат автокөлік сатылмайды. Мұндай шешімді Швейцария федеральды қылмыстық соты шығарған, деп жазады centralasian.org.

Шамамен 980 000 доллар тұратын үш автокөлік: Mercedes-Benz SLR2DR, Bentley Arnage и Range Rover Sport V8 2013 жылы Г.Каримовадан тәркіленген екен. Сот бұл үш машинаны Гульнара Каримова 2009 жылы 18 миллион франкке сатып алған виллада қалдыру туралы шешім шығарған.

Қазір Гульнара Каримова Өзбекстандағы Зангиата әйелдер түрмесінде отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.