«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты 10 басым бағыт аталып, жаңа өзгеріске бейімделу мен жетістіктерге жету жолы айқындалған. Солардың қатарында заң үстемдігіне ерекше маңыз беріліп отыр. Елбасы бұл бағытта заманауи технологияларды, цифрлы жүйені оңтайлы пайдалану керектігін ұсынған.
Осындай заманауи өзгерістерге сай, жаңа технологиялардың қолданылу аясы сот жүйесінде де айшықты көрініс тауып, соның ішінде «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасы өмірге келді. Сондай-ақ, «Сот кабинеті» арқылы талап-арыздарды, апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды сотқа бармай-ақ жолдауға болады. Мәселен, бұрын сот отырыстары қағазбастылықтан арыла алмай, хаттамалардың уақытылы жасалмау фактілері жиі орын алып келсе, ендігі жерде олар бейнежазба дискілер арқылы электрондық нысанда жасақталып, сот процесінің қалай өткендігі бейнежазба түрінде көрсетіліп, уақыт үнемдеуге қол жеткізілді.
Ал, мобильдік қосымша барлық смартфондар мен гаджеттерге тегін көшіріліп, кез-келген адам әлемнің қай түпкірінде жүрсе де, өзіне қатысты сот процесімен таныса алады. Соттың ақпараттарды заманауи құрылғылар арқылы жазуының өзі сот төрелігін іске асыру барысындағы әлемдік бәсекеге қабілеттілік қағидаттарын сақтауға негіз болады.
Айта кетейік, Елбасымыз Н.Назарбаев республика судьяларының VII съезінде сот қауымдастығы алдында сот жүйесінің жұмысын оңтайландыру мақсатында бірқатар тапсырмаларды алдымызға қойды. Сондай-ақ «Сот кабинеті» ақпаратты жүйесі іске қосылып, арыздар сотқа электронды түрде тапсырылатын болды. Бұл жерде тек міндетті түрде тұлғаның электронды санды қолтаңбасы болуы қажет. Қазірдің өзінде халықтың уақытын тиімді пайдалануы үшін елорда соттарында мобильді түрде электронды санды қолтаңба беру жұмысы қолға алынды. Ресми сайттарда істерді қарау тізімдегі сот құжаттарымен танысу баннерлері орналасқан. «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің өзі көптеген электронды қызмет көрсету түрін қамтыса, соның ішінде сот құжаттарын жүктеп алу, сот отырыстарының дыбыс-бейне жазбасымен танысу, электронды сенімхаттар тапсыру, сот шешіміне шағымдар келтіру сияқты қызмет түрлері, «Талдау» форумы қолжетімді болып отыр. Сонымен бірге, сот отырысын бейнеконференц байланыс арқылы қашықтықтан өткізу жұмысы да бірізге түсіп келеді.
Сот органдары қызметіне электронды технологияларды енгізу Қазақстанның ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырып, одан әрі дамуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде халықтың сотқа сенімін арттырады.
А.БИЖАНОВ,
Казталов аудандық
№2 сотының төрғасы
Батыс Қазақстан облысы
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024