Сауд Арабиясы 2022 жылдан бастап «Sputnik V» вакцинасын салғызған шетелдік азаматтарға елге кіруге рұқсат береді.
«Сауд Арабиясы Sputnik V вакцинасын салғызғандар бара алатын 102 елдің қатарында», – делінген Риа Новости таратқан хабарламада.
Елге кірген кезде «Спутник V» вакцинасын алған адамдар 48 сағаттық карантиннен өтіп, ПТР-сынамадан өтуі керектігі айтылған.
«Sputnik V» вакцинасы салғызғандар Мекке мен Медина қалаларындағы исламның қасиетті жерлеріне қажылық жасай алады. Бұл шешім елге келетін туристердің санын арттыруға бағытталан.