arasha.kz

Сырттай сотталған Рысқалиевтің дүние-мүлкі қайтарылатын болды

фото: datnews.info

Сырттай 17 жылға сотталған Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің отбасы мен туыстарынан тәркіленген дүние- мүлік қайтарылатын болды. Бұл туралы Азаттық хабарлады.  Мұндай ақпаратты Азаттыққа Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов растаған.

«16 маусым күні Бас прокуратураның кассациялық шағымын Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы қарап, толық көлемде қанағаттандырды. Сот актісі әлі дайындалып жатыр. Процестік заңнама бойынша сот актісі 5 күн ішінде әзірленеді. Сот актісі сот кабинеті сервисіне салынады. Сол жерден танысуға болады» – деген ол.

Ratel.kz сайты Бас прокуратура Жоғарғы сотқа Рысқалиевтер мүлкіне қатысты кассациялық шағым түсіргенін хабарлап, шағымды жариялаған еді

Десе де Жоғарғы сот та, Бас прокуратура да бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жарияламады.

Бергей Рысқалиев 2006-2012 жылдары Атырау қаласы мен Атырау облысының әкімі қызметін атқарған. 2013 жылы экс-әкімге «аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын жымқырды және және қылмыстық топ құрды» деген айып тағылған. Тергеу бес жылға жалғасты. 2019 жылы Қазақстан соты Бергей Рысқалиевті 17 жылға, оның ағасы Арманжан Рысқалиевті 16 жылға сырттай соттап, дүние-мүлкін тәркілеген еді.

 

Exit mobile version