14-12-18 |
7430 рет қаралған
Төңкеріс жасау әрекетіне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен екі жүздей адам қамалды.
Төңкеріс жасау әрекетіне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен екі жүздей адам қамалды

Түркияда 200-ге тарта әскери қызметкер 2016 жылғы төңкеріс жасау әрекетіне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен қамауға алынады. Бұл туралы 14 желтоқсан күні Түркияның мемлекеттік БАҚ-ы хабарлады.

Стамбул прокуроры әскери борышын өтеп жатқан 219 сарбазды, оның ішінде төрт полковник пен бес подполковникті қамауға алуға ордер берді.

Түркия билігі АҚШ-та тұратын мұсылман дін қайраткері Фетхулла Гүленді 2016 жылы жазда болған әскери бүлікке қатысы бар деп айыптайды. Гүлен бүлікке қатысын жоққа шығарады. 2016 жылы шілдеде әскерилер қатысқан бүліктен ресми мәлімет бойынша 250 адам қаза тапқан.

 

Түркия билігі бүліктен кейін Фетхулла Гүленді қолдады деген күдікпен 50 мыңға тарта адамды, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, журналистер мен оқытушыларды ұстаған. Тағы ондаған мың адам қызметінен босатылған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды сынайтындар оны бүлікті өзгеше ойлайтындарды басып-жаншуға пайдаланып отыр деп айыптайды. Түркия билігі қудалауды ұлттық қауіпсіздікке төнген қатермен күресу шараларымен байланыстырады.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.