Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа екі ай мерзімге тұтқынға алынды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды. Бұған дейін вице-министрдің ұсталғанын энергетика министрі Қанат Бозымбаев растаған еді.
Өткенде Астанада өткен қауіпсіздік кеңесінің отырысында бас прокурор Қайрат Қожамжаров Анатолий Шкарупаны 2015 жылы орталық жылыту жүйесі жоқ Сарань қаласында есептеуіш құрал орнату мақсатында 215 миллион теңге жымқыруға қатысы бар деп айыптап, факті бойынша тергеу басталғанын айтқан еді.
Биыл Анатолий Шкарупаға дейін вице-министр болған Бақытжан Жақсалиев те жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталған еді.