30-11-21 |
980 рет қаралған
Тәліптер Еуропалық Одақтан көмек сұрады.
Тәліптер Еуропалық Одақтан көмек сұрады

Тәліптер Еуропалық Одақтан Ауғанстан әуежайларының жұмысын қолдауға көмек сұрады. Бұл туралы Еурокомиссия сайты хабарлады.

 

Еуропалық Одақ демалыс күндері Катардың астанасы Дохада Талибан өкілдерімен екі күндік келіссөздер жүргізді. ЕО бұл диалог ЕО-ның Ауғанстанның уақытша үкіметін мойындауын білдірмейтінін, бірақ Ауғанстан халқының пайдасына жедел әрекет етудің бір бөлігі екенін атап өтті.

Тәліптер келіссөздер барысында елден кететін шетелдіктер мен ауғандықтардың қауіпсіз өтуін жеңілдетуге жұмыс жасап жатқанын мәлімдеді. Дәл осыған байланысты олар Еуроодақтан Ауғанстан әуежайларының жұмысын қолдауға көмек сұрады.

Айта кетейік, тәліптер билікке келген кезде катарлықтар түріктермен бірге Кабул әуежайын басқаруға көмектесіп, америкалық әскерлер шығарылғаннан кейін елден адамдарды эвакуациялауда маңызды рөл атқарған. Ауғанстан Республикасы кезінде әуежай БАӘ көмегімен пайдаланылды, ал қазір Әмірліктер Катардың елдегі дипломатиялық ықпалына тосқауыл қою үшін аэродромды бақылауға алуға тырысуда. Катар күштері қазір әуежайдың аумағын күзетіп жатыр. 

Сонымен қатар, Еуроодақпен келіссөздер барысында тәліптер Ауғанстандағы қыстың жақындауына байланысты гуманитарлық жағдайдың нашарлауына байланысты алаңдаушылық білдірді. ЕО делегациясы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді, ал «Ауған делегациясы» барлық мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеуді қайта бастау туралы міндеттемесін еске алды.

Тәліптер қыздар мен ұлдардың барлық деңгейдегі білімге тең қолжетімділігін және әйелдердің әртүрлі салаларда жұмыс істеу құқығын қамтамасыз етуге тағы да уәде берді. Қазір ауғандық қыздарға мектепке баруға, әйелдерге жұмысқа баруға тыйым салынған, тәліптер елде олардың білім алуына қауіпсіз жағдай жоқ, «бірақ олар соған жұмыс істеп жатыр» дейді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.