arasha.kz

Талибан әскерлері лауазымды қызметке тағайындалып жатыр

Талибан» қозғалысында (Қазақстанда тыйым салынған) негізгі министрлік қызметтеріне ұйымның әскери жауынгерлері тағайындалды.

 

Тәліптер арасындағы ақпарат көздерінің мәліметінше «Талибан» қозғалысының ардагерлері қорғаныс министрі, қаржы министрі және ішкі істер министрі лауазымдарына тағайындалған, олардың пікірінше, содырлар барлық мақсаттарын әскери шапқыншылықтан көрі елді дағдарыс қысымынан қалай алып шығу жолдарына арнамақ.

«Талибан» өкілдері тағайындаулар туралы ресми түрде хабарлаған жоқ, бірақ Ауғанстанның Pajhwok ақпараттық агенттігі Гул Ага қаржы министрі болып, ал Садр Ибраһим ішкі істер министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалғанын хабарлады.

«Әл-Жазира» телеарнасы «Талибан» қозғалысының ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлағандай, Гуантанамода бұрынғы тұтқын молда Абдул Қайюм Закир қорғаныс министрінің міндетін атқарушы болып сайланған.
Кабулдағы «Талибан» өкілі министрлердің негізгі тағайындауларын растады, сонымен қатар провинциялардың губернаторлары тәліптердің ең тәжірибелі командирлері арасынан таңдалатынын айтты. 

«Талибан» командирлерінің бәрі де министрліктің негізгі лауазымдарына кандидаттардың іріктелгенін растаған, бірақ олар әлі ресми түрде бекітілмегенін атап өтті.

«Кеше кешкі уақытта президент сарайында кездесулер болып өтті, біз бұл мәселелерді талқылап бірақ тағайындауларды мақұлдамадық және жарияламадық» ,- деді аты-жөнін атамауды талап еткен командир.

Сарапшылардың айтуынша, Басқа маңызды лауазымдарға тағайындауларды, ең алдымен, оңтүстіктегі Гилманд пен Кандагар провинцияларындағы «Талибан» әскери басшылары алған. 

Reuters агенттігі Гул Аганың Талибанның қаржы комиссиясының басшысы болып көрінетінін мәлімдеді. Ол БҰҰ комитетінің санкциялар тізіміне енгізілген азаматтардың қатарында болған. БҰҰ мен Интерполдың санкциялар туралы хабарламасында ол Талибан қозғалысының негізін қалаушы Мұхаммед Омардың бала кезіндегі досы екені айтылады. Кезінде молда Омармен оның келісімінсіз ешкімге кездесуге рұқсат етілмеген. Ол «Талибан» режимі кезінде Омармен бірге президент сарайында тұрған.

Абдул Кайюм Закир – Талибан соғысының ардагері, қолбасшы, сонымен қатар Омардың жақын адамы. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2001 жылы АҚШ армиясының қызметкерлері Закирді ұстап, Баграм әскери базасындағы түрмеге жіберген, кейін ол Гуантанамо түрмесіне ауыстырылған. Ол 2007 жылы босатылып, Ауғанстан үкіметіне тапсырылғаннан кейін тәліптер жағында күресті жалғастырды.

Осы жылдың тамызында «Талибан» әскерлері Кабулға кіріп, президенттік сарайды басып алған кезде Закир қолбасшылық еткен деп саналады. 
Ішкі істер министрі болып тағайындалған Садр Ибрагим де «Талибанның» негізгі мүшесі.

Агенттік өз өкілдерін тағайындау кезінде «Талибан» Қаржы министрлігі мен Орталық банктегі орта деңгейдегі шенеуніктерге өз міндеттеріне оралуды бұйырғанын айтады.

Бұған дейін «Талибан» басшылары Ауғанстанды басқару үшін 12 адамнан тұратын кеңес құруға ниетті екені айтылған.

Exit mobile version