Ауғанстан үкімет құрамын жариялады. Мохаммад Хасан Ахун үкімет басшысы ретінде таныстырылды.
Талибан үкіметтің (ҚР-да террористік қозғалысқа тыйым салынған) жарияланған құрамы уақытша деп мәлімделді. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Талибан үкіметіндегі негізгі құрамы мынадай:
СІМ басшысы – Әмір Хан Муттаки, Қорғаныс министрлігінің басшысы – Талибан лидері мулла Якуб, ІІМ басшысы – Саражуддин (Халифа) Хаккани, босқындар министрі – Халил Хаккани, барлау басшысы – Абдул Хак Васик, экономика министрлігінің басшысы – Мохаммад Ханиф, Қаржы министрі – Хедаятулла Бадри, Орталық банк басшысы – Мухаммад Идрис.
Сондай-ақ «Талибан» саяси Кеңсесінің Басшысы мулла Барадар вице-премьер болғаны белгілі болды.