Бұл туралы орыс президенті аталған ұйымның 2 желтоқсанда өткен онлайн жиналысында мәлімдеді. Ол Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығысты тоқтату бойынша Әзербайжан, Армения және Ресей қол қойған үш тарапты келісімге түсініктеме беріп, армян премьерінің ауыр бірақ маңызды қадамға баруға мәжбүр болғанын жеткізді.
«Жиынға қатысып жатқан әрбір адам мұндай шешімді қабылдаудағы жауапкершілік деңгейін түсінсе керек. Ол (Пашинян) бұл жауапкершілікті өзіне алды. Біздің міндетіміз – премьер-министрді және оның командасын қолдау арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қиын жағдайға түскен адамдарға жәрдем беру», – деді Владимир Путин.
Никол Пашинян болса үш тарапты келісім негізінде орыс әскерінің бақылауға алуы «аймақтағы қауіпсіздік кепілі» деп атады.
Ол қан төгуді тоқтатуда Путиннің рөлі зор болғанын айтты.
Биыл қыркүйекте Әзербайжан бұл аймақты қайтару үшін әскери операция бастады. Әзербайжан әскері мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының біраз бөлігін, соның ішінде Шуша қаласын және оның маңайындағы аудандарды бақылауына алды. Атыс кезінде екі жақтан мыңдаған адам қаза болды. Олардың арасында әскерилер де, бейбіт тұрғындар да бар.