arasha.kz

Тәжікстан: Рахмон бесінші мәрте президент болды

Тәжікстанның қазіргі басшысы Эмомали Рахмон президент сайлауында тағы да жеңіске жетті. Елдегі Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, ол айқын басымдылықпен 90,92 дауыс жинаған. Тәжікстандағы сайлаушылардың белсенділігі 85,39 пайызды құраған.
Естеріңізге сала кетейік, Тәжікстандағы президент сайлауына бес кандидат қатысқан болатын. Олар: Халықтық-демократиялық партияның көшбасшысы Эмомали Рахмон, Коммунистік партия атынан Миродж Абдуллоев, Аграрлық партиядан Рустам Латифзода, Экономикалық реформа партиясынан Рустам Рахматзода, Социалистік партиядан Абдухалим Гаффорзода.
Билікке 1992 жылы келген Эмомали Рахмон посткеңестік кеңістікте бес рет сайлауға түсіп, елді ең ұзақ басқарған президенттердің бірі.

Exit mobile version