Tesla компаниясы алдағы 2020 жылы өздігінен жүретін такси машиналарын іске қоспақ. Бұл туралы инвестрлар жиынында компанияның негізін қалаған бизнесмен, ғалым Илон Маск мәлімдеді деп хабарлайды CNN.
Пилотсыз басқарылатын таксилер қызметі алғаш АҚШ-та қосылмақ.
«Жүргізушісі жоқ роботаксилерді келесі жылы қоспақпыз. Қажетті рұқсат қағаздарды бір жерден алатынымызға сенімдімін», – деді Илон Маск.
Ол жоспарлары көп жағдайда уақытында орындалмай қалып жататындығын екертіп, бірақ Илон Масктың өзі де, оның командасы да барынша жұмыс істеп жатқанын айтты.
Масктың сөзінше өздігінен жүретін көліктерге арналған арнайы автопарктер салынады. Сонымен бірге Tesla автомобильдерінің иелері өз көліктерін такси қызметі үшін жалға беріп, жылына $30 мың табуға мүмкіндіктері бар.
Илон Маск электромобильдер шығаратын Tesla компаниясын 2003 жылы құрған. Ол экологиялық көліктерден бөлек ғарыш техникаларын шығаратын SpaceX компаниясының және алғашқы онлайн төлем мен ақша аудару жүйесі PayPal-дың негізін салды.