Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерде қазақ баспасөзінде ұзақ уақыттан бері сөз болып келе жатқан қазақ тойының ысырапшылдығы, ешкімге пайдасыз өзара бәсекелестігіне қатысты ойын жазды. Тоқаев қазақ тойына жаңа формат, жаңа көзқарас керек екенін айта келіп: «Өзбек, Түрік, Түркімендер құсап тойда басымдықты ұлттық салт-дәстүрге беру қажет» дейді. Жазбаны әлеуметтік желіде көптеген адамдар бөлісіп, қолдау көрсетіп жатыр.
Поддерживаю дискуссию в казахских СМИ о новых подходах к проведению свадебных и других торжеств. Необходим новый формат, чтобы избавиться от набившей оскомину тщеславной расточительности, роскоши. Упор нужно сделать на национальные традиции, по примеру узбеков, турков, туркмен.
— Kassym-JomartTokayev (@TokayevKZ) 16 сентября 2018 г.