Жазғы Олимпада ойындарын бір-екі жылға шегерген «дұырысрақ» шешім болар еді деп мәлімдеді 11 наурызда Жапонияның Ұлттық Олимпада комитеті мүшесі Харуюки Такахаси Reuters агенттігіне берген сұхбатында.
Ол жарыс осы жазда Токиода өтуі керек, бірақ COVID-19 коронавирусының өршуі салдарынан өтпей қалуы мүмкін дейді.
Оның сөзінше ойынды өткізуден бас тарту немесе көрерменсіз өткізудің шығыны тым жоғары, ал ойын мерзімін бір жылдан кем уақытқа шегеру басқа спорттық ойындардың кестесіне қайшы кеп тұр. Жапонияның Ұлттық Олимпада комитеті жарыстың өтуіне коронавирустың өршуі қалай әсер ететінін енді ғана жан-жақты ойластырып жатыр. Мәселе президиумның соңғы отырысы 2019 жылдың желтоқсанында өткен, яғни эпидемия басталғанға дейін.
Бірақ Жапония билігі Такахасидің мәлімдемесіне басқаша жауап берді. «Жарысты шегеру немесе тоқтату ақылға сыймайды, ондай сұрақты қарастырып жатқан жоқпыз», – дейді ойынды ұйымдастыру бойынша Жапония министрі Сэйку Хасимото Bloomberg агенттігін.
Ал New York Times басылымының жазуынша Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы өкілдері Халықаралық Спорт Федерациясы басшыларымен телефон арқылы Токио 2020 олимпиада ойындары көрерменсіз өту қауіпі бар ма екенін талқылаған.
New York Times егер жарыс көрерменсіз өтсе және сатылған билеттердің ақшасын ұйымдастырушылар қайтарып беруге тура келсе, онда шараны өткізушілер 850 миллион доллар қаражат жоғалтады.
Бұған дейін Киодо агенттігі ойын өтпей қалған жағдайда Жапония 7,8 триллион иен (74,3 миллиард доллар) айрылатынын жазған.
Қазіргі уақытта Жапонияда коронавирусқа шалдыққандар саны 1277 адамға жетті. Оның ішінде Токио қаласында 67 жағдай тіркеліп отыр.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024