14-05-20 |
1510 рет қаралған
Тоқаев атом энергиясын пайдалануға қатысты заңға қол қойды.
Тоқаев атом энергиясын пайдалануға қатысты заңға қол қойды

Президент Қ.Тоқаев «атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық-құқықтық жауаптылық мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Заң жобасында Қазақстанда ядролық қондырғылардың жұмыс істеуі процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар, оның ішінде ядролық қондырғы операторларының ядролық залал келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауаптылығы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу қарастырылған. 

Сондай-ақ заң ядролық оқыс оқиға нәтижесінде туындаған залалдан зардап шеккен адамдарға ақшалай өтемақының берілуін қамтамасыз ету, сонымен қатар ядролық залал келтіргені үшін ядролық қондырғы операторының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру тетіктерін белгілеу нормаларын реттейді. 

Бұған дейін Қазақстанда АЭС салу қоғамда үлкен талқыға түскен еді. Сол кезде Тоқаев «халықпен ақылдаспай АЭС туралы ешқандай шешім қабылданбайды» деп сендірген.

Қазақстанда АЭС салына ма?

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.