24-09-19 |
2090 рет қаралған
Трамп өзіне Нобель сыйлығы берілмегеніне шағымданды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Нобель сыйлығын тағайындайтын комиссия әділетсіз екенін айтты деп хабарлайды politico.com сайты.
Пәкістан премьер-министрі Имран Ханмен өткен екіжақты брифингте журналистердің бірінің:
- «Кашмир мәселесіне байланысты Үндістан мен Пәкістан арасындағы дау-дамайда АҚШ президенті жақсы дәнекерлік жасағаны үшін Нобель Бейбітшілік сыйлығын алуына болушы еді»,-деген сөзіне Трамп:
- «Нобель сыйлығын әділетті түрде берген болса, мен көп нәрсеге байланысты алуыма болушы еді, бірақ олар ондай емес», – деп мәлімдеді Дональд Трамп журналистің сұрағына жауап беру кезінде.
Трамп мысалға АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманы келтірді:
- «Обама президент бола салысымен сыйлықты қолына ұстатты. Оның өзі не үшін Нобель сыйлығын алғанын түсінген жоқ», – деген Трамп өзінің де Обамаға не үшін Нобель сыйлығы берілгенін түсінбегенін айтты.
Барак Обама Нобелдің Бейбітшілік сыйлығын 2009 жылы президент болып сайланғаннан 9 ай өткенде алды. Оған «халықаралық дипломатияны нығайтқаны үшін» және ядролық қаруды таратпауға үндегені үшін берілді.
Соңғы мақалалар.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.