АҚШ президенті Д.Трамп Түркия Сирияда әскери операция жасаудан сәл бұрын Түркия президенті Ердоғанға хат жазған. Хаттың көшірмесін foxnews журналисі Триш Реган жариялады.
EXCLUSIVE: I have obtained a copy of @realDonaldTrump’s letter to #Erdogan. @POTUS warns him to not “be a tough guy! Don’t be a fool!” Says he could destroy Turkey’s economy if #Syria is not resolved in a humane way. Details tonight at 8pm #TrishRegan #FoxBusiness pic.twitter.com/9BoSGlbRyt
— Trish Regan (@trish_regan) October 16, 2019
Хатта Трамп Ережеп Тайп Ердоғанға: «Пайдалы келісімге келейік. Сен мыңдаған адамның қырылып-жойылуына жауапты болғың келмейді. Ал мен Түркия экономикасының қирауына жауапкер болғым келмейді. Бірақ маған оны істеуге тура келеді. Ақымақ болма! Сәлден соң қайта хабарласам», -деп жазған. Сондай-ақ Трамп Сирия демократиялық күштерінің басшысы генерал Мазлум сөйлесуге дайын екенін де айтқан.
Ақ үй Трамптың Ердоғанға жария болғандай хат жазған растаған.
Хат 9 қазанда жазылған. Дәл сол күні Түркия Сирияда әскери операция бастады. Ердоған партиялас жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде: «Күрд терроршылары қаруларын тастаған күні операция өзінен өзі тоқтайды», -деп мәлімдеген еді.
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024