Түрік лирасының құлдырауы Қазақстан нарығына қалай әсер етеді, шетелдік инвестициялар Түркияға көмектесе ме?
Сарапшы Арман Бейсембаев лираның күн санап құлдырауы Қазақстан нарығына қалай әсер ететіні жөнінде айтты.
«Олардың валютасының құлдырауы өнеркәсіптің толық сәтсіздігіне әкеліп соқпаса, әрине, бұл экспорттаушылар үшін тиімді болады, яғни олар көбірек тауар экспорттап, ал олардың тауарлары біздікінен арзан болады.
Түрік тауарларымен салыстырғанда біздің тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі төмен болады, сол себепті еліміздің нарығын толтыруға әбден қабілетті түрік тауарларымен бәсекеге түсе алмаймыз. Бұл тұрғыдан алып қарағанда пайдасы бар. Алайда тағы ескерте кететін жайт, бұл жерде қазірдің өзінде өнеркәсіптің жойылауына апара жатқан қызыл сызықтан асып кетпеу маңызды», – дейді Бейсембаев Хабар 24″ арнасына берген сұқбатында.
Арман Бейсембаев Түркия билігі неліктен пайыздық мөлшерлемені төмендетіп жатқанын түсіндірді.
«Инфляцияның жылдам өсімі байқалғанда логикалық түрде қарасақ, ақшаны қымбаттатып ал пайыздық мөлшерлемені ресми инфляциядан жоғары ұстау қажет.
Түркияда қазір ресми инфляция жылдық 20% құрайды, ал пайыздық мөлшерлеме төмендеп жатыр. Бұл негізі логикаға сәйкес келмейді. Соңғы бір жарым жылда Орталық банктің төрт басшысы ауысқан. Бұл дегеніміз Ердоған адамдардың орнын тез ауыстырып, олардан пайыздық мөлшерлемені төмендетуді талап етеді. Ал оны төмендету мүмкін емес, өйткені олар пайыздық мөлшерлемені төмендете берсе, онда түрік лирасының құнсыздануы артып, инфляция жылдам өседі ал шарықтаған инфляцияның гиперинфляцияға айналуы әбден мүмкін», – дейді сарапшы.
Экономист Түркия экономикасындағы жағдай әлемдік кризиске алып келу қаупі жайында айтып өтті.
«Түркия – әлемдік экономиканың бір бөлігі , егер олардың өнеркәсібінде, қаржы жүйесінде қандай да бір проблемалар туындаса, бұл бүкіл қаржы жүйесінде төлемсіздік тізбегіне әкелуі мүмкін. Яғни Түркия өз несие берушісіне төлемесе, ол келесісіне төлемейді, осылайша бұл бүкіл қаржы жүйесіне әсер етеді. Әрине, бұл жаһандық қауіп тудырмайды, алайда қаржы жүйесіне қатты соққы беруі мүмкін», – деп түйіндеді Арман Бейсембаев.
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024