02-08-21 |
1050 рет қаралған
Түркиядағы өртті террористердің ұйымдастырғаны белгілі болды.
Түркиядағы өртті террористердің ұйымдастырғаны белгілі болды

Түркиядағы алапат өртті  террористік ұйымның жасағаны хабарланды.  Күрдістанның жұмысшы партиясы мен “От балаларының бастамасы” тобы Түркия аумағын шарпыған өрттің шығуына себепші болғандарын мойындады.

 

Айта кетсек, “От балаларының бастамасы” тобы – Түркияда террористік деп танылған Күрдістанның жұмысшы партиясының бір тармағы. Олар орман өртінің тұтануына өздері жауапты екендерін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

“Ақыры түрік режимі басқа тілді түсінбесе, от қойып, оларды тізерлететін уақыт келді”, – деп жазады террористік ұйым. 

Басылым мәліметінше, “От балалары” 1990 жылдан бері орман өртін ұйымдастырып келеді. Осыған ұқсас жағдай өткен жылы орын алған еді. 

Айта кетсек, қазіргі таңда тілсіз жау Анталья, Манавгат, Гюндогмуш, Мугла, Мармарис, Кейджегиз және Милас аудандарында өршіп тұр. Қызыл алау 7 адамның өмірін қиған. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.