09-01-21 |
1470 рет қаралған
TWITTER ТРАМП АККАУНТЫН БҰҒАТТАДЫ.
TWITTER  ТРАМП АККАУНТЫН БҰҒАТТАДЫ

Twitter желісі 8 қаңтар күні кешкілік Дональд Трамптың аккаунтын біржалата бұғаттады. АҚШ президентінің желіде 88 миллионнан аса оқырманы болды, деп хабарлайды  Arasha.kz.

Twitter компаниясы Трампқа қатысты шектеулерді былай түсіндіреді:

«@realDonaldTrump аккаунтындағы контекстіні олардың Twitter-де қалай қабылданғаны мен интерпретацияланғанын мұқият тексергеннен аккаунтты зорлық-зомбылыққа арандату қаупі үшін тұрақты негізде бұғаттадық»,-дейді.

Дәл қазіргі уақытта демократтар мен республикашылдар Трамп әрекетін зорлық-зомбылыққа арандатты деп айыптап жатыр. Трампшыл топ Вашингтондағы Конгресс жиынына кедергі келтіру үшін ғимаратты басып кірген болатын.  

Дональд Трамп желідегі аккаунты бұғатталғанға дейін Байденнің инаугурациясына бармайтынын жариялап үлгерді.

Осыған дейін хабарлағанымыздай бұл рәсім 20 қаңтар күнге жоспарланған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.