Фото:Getty Images – Getty
Қытайдың Уахань қаласындағы муниципалды билік коронавирус індетінің базарларда қайта таралу қауіпіне байланысты қалада жарқанат пен басқа да жабайы жануарлардың еттерін сатуға тыйым салды.
Қазіргі уақытта тыйым салынған аң-құс еттерінің тізімі белгілі болды. Тыйым кемінде бес жыл бойы болады.
Ресми мәлімет бойынша енді Уханьда жабайы аң-құстарды аулауға толығымен тыйым салынады. Қала аумағы толығымен «жабайы табиғат қорығы» болып есетпеледі. Сонымен қатар жабайы болып есептелетін аңдарды жеу үшін арнайы үйде өсіргендер де қатаң жазаланады.
Қазіргі таңда Ухань Қытайдағы қауіпті жабайы аң-құстарды жеу үшін сатуға тыйым салған төртінші қала. Ухань базарларында жылан, бақа, жарқанат, суыр, тіпті қолтырауынның дене мүшелері табылған.
Бірқатар ғалымдардың болжамынша COVID-19 індеті жарқанаттан тараған. Бірақ аталған жаңа дерт қайдан пайда болғаны әлі де зерттелу үстінде.
Еске салсақ 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында жаңа қауіпті вирус пайда болғанын айтып, дәрігерлер дабыл қаққан. Вирус әлемге тез тарап кетті. Қазақстанды да аталған індет айналып өткен жоқ. Қазіргі уақытта елімізде 7234 адам COVID-19 коронавирусын жұқтырып, 3734 адам жазылды, алайда 35 адам осы дерттен көз жұмды.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024