arasha.kz

Үйіне тінту жүріп, тексеріліп жатқан Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеме жасады

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі, қазіргі ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеме жасады.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевқа

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Мен еңбек жолын қазақтың көрнекті ғалымы, академик Ахмет Жұбанов негізін қалаған Мемлекеттік филармониядан бастадым. Бертін келе «Қазақ әуендері» Акционерлік Қоғамын құрып, менеджментке ерекше ден қойдым. Көптеген дарынды жастармен таныстым. Бірлесіп, керемет энтузиазммен жұмыс істедік.

Тоқсаныншы жылдардың соңына қарай әлемдік музыкалық мәдениеттің барлық жанрларын қамтитын, Қазақстанның Президенттік оркестрінің іргесін қаладым. Маған еліміздің ең талантты деген өкілдерін жинауға мүмкіндік берілді. Бұл жұмысты мейлінше абыроймен атқаруға тырыстым. 2006-2007 жылдар – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі, 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқардым. Бұдан кейін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ректор болып жұмыс істедім.

Өнердің әр саласында адал атқарған қызметім ел басшылығы тарапынан елеусіз қалмаса керек, Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалдым. 2019 жылдың шілдесінен Сіздің Өкіміңізбен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры болып жұмыс жасап келемін.
Ел есінде қалды деген елеулі жұмыстарға тоқтала кетуге рұқсат етіңіз.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясында жас жеткіншектердің өмірге, өнерге деген көзқарастарын жан-жақты қалыптастыру мақсатында өн бойларында ұлттық рухты қалыптастыра отырып, тиісті кәсіптерін толықтай игеруге жағдай жасадық. Студенттер Қазақтың белгілі театр ордаларында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Әсіресе, Өнер тану факультетінің жеткіншектері У.Шекспирдің атақты «Макбет» қойылымын өз отаны Лондонның алқалы театрларында әуелі қазақ, сонан соң ағылшын тілдерінде сахналаған кезде ағылшындық өнер сүйер қауым айрықша ризашылықтарын білдірген еді.

Аталған Заңға сүйенсек, қазақ тіліндегі фильмдер кинотеатрларда қойылғанда салықтан босатылады. Демек, кино прокатымен айналысатын ұйымдар үшін бұдан былай қазақ фильмдерін көрсету өздері үшін экономикалық жағынан тиімді деген сөз.

2018 жылдың қаңтарында АҚШ-қа сапары аясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев америкалық киноиндустрия қауымдастығының вице-президенті Гейл Маккинен кездескен еді. Голливудтың Қазақстанмен жұмыс істеуге деген қызығушылығы атап өтілді. Бұған дейін мен ірі американдық кинокомпаниялар «Warner Bros. Entertainment, Inc», «Motion picture», «20th Century Fox», «NBC Universal», «The Walt Disney Company», «YMF Enterprises Paramount Pictures Corporation», «HBO West Coast Production», «A+E Studios» және басқа да киноөкілдерімен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылаған едім.

АҚШ-тың ірі кино – және телекомпанияларының басшылары мен өкілдері, атап айтқанда, «NBS Universal», «CEO of Global Policy Initiatives» және бірнеше компаниялар Қазақстанға келіп, біздің техникалық, кадрлық мүмкіндіктерімізге жоғары баға берді және олар үшін аса маңызды, біздің мемлекетіміздің ынтымақтастық үшін геосаяси тұрақтылығы мен сенімділігін атап өткен еді.
Жалпы, «28 панфиловшы», «Композитор» сияқты халықаралық жобалар, «Қазақ хандығы», «Бауыржан Момышұлы», «Әміре», «Құнанбай», «Аманат», «Анаға апарар жол» және тағы басқа ұлттық киноленталар көрерменге жол тартты. Мұның бәрі сөреде шаң баспай, үлкен сұранымға ие болды.

Ғасырлар бойы тоналып келген қасиетті қабірлеріміз бен қорғандарымыз да заң жүзінде нақты қорғауға алынуына ұйытқы болдым.Тарихи-мәдени мұраларымызды қорғау ғана емес, оларды сақтауды да міндеттейтін «Тарихи-мәдени мұралар туралы» заң жобасы дайындалып, ол Парламент Мәжілісінің алғашқы оқылымынан сүрінбей өтті.
«National Geographic», «BBC World news», «Discovery», «Viasat History» сияқты әлемдік жетекші арналармен бірлесіп, тарихи-мәдени мұраны кеңінен насихаттау және көпшілікке тарату мақсатында Қазақстанның киелі объектілері туралы толық метражды тарихи деректі фильмдер циклі эфирге шығарылған. Солардың бір парасы мыналар: «Күлтегін. Жаңа көзқарас», «Қожа Ахмет Ясауи және Айша бибі мавзолейлері», «Көшпенділер жері». Ал 2019 жылы «Бо

Сондай-ақ, Мемлекеттік Эрмитажда «Алтын адам» көрмесін ұйымдастыруға ат салыстым. 20 күнге деп белгіленген көрмені Эрмитаждың директоры М.Б. Пиотровский өтініш жасап, екі айға созды. Көрмеге келушілер ата-бабаларымыздың ғажайып зергерлігіне таң қалысқан. Бұдан соң осы көрмені АҚШ-тың Вашингтон мен Нью-Йорк аралығындағы бес қаласында ұйымдастырып, Алтын адамның шеруін өткіздік.

Сол секілді Моңғолиядағы «Түркі қағанаты ескерткіштерін зерттеу» ғылыми экспедициясына жетекшілік еттім. «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенін құру идеясының, «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз – жаңа форматта» тұжырымдамасының авторымын (іргелі-тарихи зерттеулерге негізделген Наурызды атап өтудің замаманауи 8 жолын ұсындым).

Министр лауазымында жүрген кезімде «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «ЭКСПО – 17» шараларын кеңінен ұйымдастыруға ат салыстым, жазғы және қысқы олимпиада делегацияларын басқарып, спорт сайыстарында үлкен жетістіктерге қол жеткіздік.

Опера – музыка өнерінің шыңы десек, оның ішінде шоқтығы биік, маңдайалды туындылар Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібегі», Ахмет Жұбановтың «Абайы», Мұқан Төлебаевтың «Біржан Сарасы» қойылымдарын жаңа форматқа көшірдік. Шет елдерге шығардық.
«Open air» форматында атақты Италия композиторы Джузеппе Вердидің «Аида» операсын Астанада Бейбітшілік пен Келісім сарайы маңында, ал қазақ опера өнерінің інжу-маржаны «Біржан–Сара» операсын Бурабайда Біржанның туып өскен жері Көкшенің ашық аспанында көрермен назарына ұсынылды. Жауһар туындылар ыстық ықыласпен қабылданған-ды.
Қысқасы, мен бар саналы ғұмырымды мемлекет пен халықты біріктіріп отыратын ұлттық идея ісіне бағыттап келемін.

Қазақ киносының тынысын ашып, әлемдік өркениетке батыл бет алуына да үлес қосуға ат салысып келемін.

Тарқатып айтар болсам, Қазақстан тарихында алғашқы «Кинематография туралы» Заңның қабылдануына бар күш-жегерімді жұмсадым. Бұл заң Ұлттық киноөндіріске қолдау көрсетіп, сондай-ақ қазақстандық киноны жаппай прокатта ілгерілетуге ықпал ете бастады», – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Бүгін «Время» газетінің тілшісі Михаил Козачков телеграм каналында Арыстанбек Мұхамедиұлы басқаратын ұлттық музейдің шығыс қаражаттарына қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тексеріс жүргізіп, Мұхамедиұлының үйіне тінту жасап, туысқандарының активтері тексеріліп жатқанын жазған еді.

Оның жазуынша,  тексеруге «Алтын адамның әлем музейін аралауы» атты көрмеген бөлінген қаражат себеп болған көрінеді. Көрмені өткізуге  «Exponat» ЖШС қызмет көрсеткен. Келісімшарттың жалпы құны  – 1,3 млрд теңгеден астам қаржы болған.

Exit mobile version