19-06-19 |
1650 рет қаралған
Украинада құлаған ұшақ ісіне қатысты төрт адамға айып тағылды.
Украинада құлаған ұшақ ісіне қатысты төрт адамға айып тағылды

10 елдің 298 азаматы мерт болған ұшақ апатына кінәлі деген айыппен үш ресейлік, бір украиндық азаматқа айып тағылды. Бұл туралы Нидерланд ұлттық полиция басшысы сәрсенбіде болған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ТАСС.

Күдіктілер: Игорь Гиркин, Сергей Дубинский, Олег Пулатов және Украина азаматы Леонид Харченко.

Ұшақ апатын зерттеген халықаралық тергеушілер тобы күдіктілерден жауап алу үшін Ресейден рұқсат сұрайтындарын айтқан. Ресей мен Украина заңы бойынша, күдіктілер экстрадицияланбайды.

Украина бас прокуроры Юрий Луценко айып тағылған Леонид Харченконың ұсталатынын уәде берген.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Д.Песков ресми Мәскеу ұшақ апатының халықаралық тергеуіне қатыстырылмағанын алға тартып, Ресейдің ұшақ апатына ұстанымы бұрынғыдай екенін айтқан.

Ұшақ апатын зерттеу халықаралық бірлескен тергеу тобына Австралия, Белгия, Малайзия, Нидерланд және Украина қатысқаны мәлім.

«Малайзия әуежолы» компаниясына қарасты Boeing-777 жолаушылар ұшағы Амстердамнан Куала-Лумпурға MH17 рейсімен ұшып бара жатқанда 2014 жылы Украинаның Донецк облысына құлап, он елдің 298 азаматы мерт болған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.