Украинада президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру аяқталып, «Слуга народа» партиясының кандидаты шоумен Владимир Зеленский мен Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенко екінші турға өтті.
Украинаның саяси-экономикалық зерттеу орталығы, «Демократиялық бастамалар» қоры және халықаралық Киев социология институты бірлесіп жүргізген экзитпол нәтижелері бойынша сайлаушылардың 30,4% Зеленскиге,
17,8% Порошенкоға дауыс берген. Үшін орында сайлаушылардың
14,2% даусын жинаған «Батькивщина» партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко.
Президент сайлауына 39 адам түскен. Бұл Украина үшін рекордтық көрсеткіш. Украина орталық сайлау комиссиясының алдын ала таратқан деректеріне сәйкес, сайлауға келген азаматтардың саны 63,99% жеткен.