21-12-20 |
1820 рет қаралған
Ұлыбритания коронавирустың жаңа түрін бақылаудан шығарып алғандарын мәлімдеді.

Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок  коронавирустың жаңа штаммы бақылаудан шығып кетті деп мәлімдеді. Бұл туралы Sky News хабарлайды.

Оның айтуынша Ұлыбританияда қатаң карантин шаралары коронавирустың жаңа мутациясының таралуына байланысты бірнеше айға созылуы мүмкін.

«Бұдан (жаңа штамм) – қорғанатын жаңа вакцина шығармайынша үлкен проблема болып қалып отыр. Бұл – әлем алдағы айларда кезігетін проблема», – деді министр. Ол адамдар өздерінде бұл вирус бар сияқты жүрсін, сантитарлы талаптарды қатаң сақтап, әлеуметтік қашықтықты сақтасын дейді: «Себебі бұл өлімге әкелуі мүмкін қауіпті». Сонымен қатар министр Хэнкок карантин шаралары күшіне енгенге дейін Лондоннан кетуді көздеп, вокхалдарда кезекте тұрған тұрғындардың әрекетін «жауапсздық» деп бағалады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.