фото: upl.uz
Тегі өзбек, Ресей миллиардері Алишер Усманов Өзбекстанның Наманган және Әндіжан облысындағы тұрмысы төмен 6 мың отбасыға 15 миллиард сум (1,5 млн доллар) бөлді.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылғандар және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тізімі алынып, олардың карталарына қаражат аударылған және кейбіріне қолма-қол табыс етілген.
Осының алдында Алишер Усманов Сардоба су қоймасы апатынан зардап шеккендерге 15 миллион доллар бөлген. Оның 10 миллионы өзбекстандықтарға берілсе, қалған 5 миллионы Қазақстанның Түркістан облысы Мақтарал ауданы тұрғындарына көмек ретінде жіберілген.
Алишер Усмановтың өзі Өзбекстанның Наманган облысы Чуст ауданында дүниеге келген. Ресейдің және Ұлыбританияның ең бай адамдарының қатарына кіреді. Forbes мәліметі бойынша, оның байлығы 13,4 млрд долларға бағаланады.