13 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы Басқарушы директоры ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы Басқарушы директорын ұстады.
Ол «Жасыл Даму» АҚ («ӨКМ Операторы» ЖШС құқықтық мирасқоры) тұлғасында мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіре отырып, істен шыққан көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы «RecyclingCompany» ЖШС-не заңсыз түрде қайта тіркеп, 13 млрд.теңгеден астам сомада сеніп тапсырылған ақша қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.
Қылмыстық әрекеттер 2016-2019 жылдар аралығында «ӨКМ Операторы» ЖШС басқа қызметкерлерімен бірлесіп жасалды. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Оның іс-әрекеттеріне қорытынды құқықтық бағалауды сот береді», – делінген агенттік ақпаратында.
19 қаңтарда үкімет сайтында «Оператор РОП» компаниясының «утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді» деп хабарланған.
Компанияның міндетін енді мемлекеттік «Жасыл даму» АҚ атқарады.
11 қаңтарда Қазақстанның қазіргі президенті утилизация алымын жинайтын «Оператор РОП» компаниясының жұмысын тоқтатудыбұйырған.
Бұл компанияның бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлия Назарбаеваға қатысы бары айтылады. Бұған дейін билік утилизация алымын жинайтын «Оператор РОП» компаниясына кейінгі бес жылда 691,9 млрд теңге қаражат түскенін айтқан.