arasha.kz

Утиль алым: «Оператор РОП» ЖШС 20 миллиард теңгені қайда жіберді?

Экс-президенттің кенже қызы – Әлия Назарбаеваға тиесілі делінетін «Оператор РОП» ЖШС Қарағандыдағы автомобиль утилизациясымен айналысатын зауытқа 20 миллиардтан астам теңгені заңсыз аударған. Бұл туралы «Время» газеті жазады.

Газет тілішісі Михаил Козачковтың материалында 5 жыл бойы утильалыммен айналысып келген «Оператор РОП» ЖШС-ның қалай жұмыс істегенін тексеріп жатқан құқық қорғау органдарының алғашқы мәліметінше, «Оператор РОП» ЖШС Қарағандыдағы автомобиль утилизациясымен айналысатын зауытқа 20 миллиардтан астам теңгені заңсыз аударған.

Қарағандыдағы автомобиль утилизациясымен айналысатын компания  “Recycling Company” ЖШС деп аталған. «Оператор РОП» ЖШС ол компанияға 20 млрд теңгені бес жыл ішінде аударып отырған. Ал утилизация жасау бағасы өте жоғары көрсетілген, бұл өз кезегінде ақша жымқыруға оңтайлы болған көрінеді.

фото: kommersant.ru

 

«Оператор РОП» ЖШС ісі бойынша бірнеше адам қамауға алынғаны мәлім. Солардың бірі – Светлана Коротенко (суретте), Украина азаматы. Ол 2016-2019 жылдар аралығына «Оператор РОП» ЖШС-ны басқарған. Ең қызығы,  Светлана Коротенко оған дейін шығармашылық жұмыспен айналысып, Ақан Сатаев түсірген «Анаға жол» фильмінің продюсері болған. Ал бұл фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаева болғаны мәлім.

Қаңтар оқиғасынан кейін экс-президенттің әулеті саясат пен бизнестен кете бастады. Сол кезде, яғни 10 наурызда президент Тоқаев «Оператор РОП» ЖШС жұмысы туралы айтқан еді. Кейін  «Оператор РОП» ЖШС жабылып, компания ісі тексеруге алынған болатын.

Exit mobile version