Бішкектегі Қытайдың Қырғызстандағы елшілігінің алдында митинг болды. Митингішелір Қытайдан ондағы этникалық қырғыздарды қудалауды тоқтатуды және де елдегі шетел азаматтарын бір айдың ішінде Қырғызстанды тастап шығуларын талап етті. Сондай-ақ, соңғы он жылда шетел азаматтарына берілген Қырғызстан азаматтығының заңдылығын тексеру жөнінде комиссия құру мәселесін көтерді.
Осыдан бірер күн бұрынғы баспасөз мәслихатында Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қытайдағы қайта тәрбиелеу орталығы мәлімдеме жасауда сақ болуды әрі қытай экспансиясы туралы айтып қоғамды дүрліктірмеуді айтқан еді.
Қазақстанда да Қытай үкіметі тарапынан саяси қайта тәрбиелеу орталықтарына тап болған туыстарына араша сұраған адамдардың жиыны жиі өтіп тұрады. Бұл мәселеде сыртқы істер министрлігі жұмыс істеп жатқанын бірнеше рет мәлімдеген.
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024