15-01-19 |
6430 рет қаралған
Қытай Айға мақта өсірді.
Қытай Айға мақта өсірді

Қытайдың «Чанъэ-4» космостық аппараты Айдағы алғашқы биологиялық тәжірибесін аяқтады, деп хабарлайды cctv.com.

Тәжірибе жүргізу үшін Айға мақта, рапс, картоп тұқымдары, сосын ашытқы саңырауқұлақтарының жұмыртқалары мен жеміс шыбыны апарылған.

«Соңғы түсірілімдерге қарасақ, мақта жақсы өсіп келеді екен. Қоршаған ортаның қиын жағдайында, яғни қатты гравитация, күшті радиация мен Айдағы жоғары температурадан кейін тәжірибеден өткен тұқымның бұл алғашқысы», – дейді ақпарат көзі.

Бұл адамзаттың Айдағы биологиялық алғашқы тәжірибесі деп жазады cctv:

«Нәтижесінде, сәтті отырғызылған өсімдіктер бүршігі өсуін жалғастырып жатыр. Бұл өсімдіктер Айда өскен алғашқы жасыл желек болмақ».

«Чанъэ-4» аппараты 3 қаңтарда Айдың арғы бетіне сәтті қонып, Жер спутнигі сол жерден жақыннан түсірілген өзінің алғашқы түсірілімін жіберген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.