Қытай екі мыңнан аса этникалық қазақты тарихи Отаны – Қазақстанға жібереді. Бұл туралы associated press агенттігіне сілтеме жасап, Азаттықтың орыс қызметі жазады.
Агенттіктің хабарына қарағанда, Бейжің екі мыңнан аса этникалық қазақтың Қытай азаматтығынан шығып, Шыңжаң автономиясынан шығуға рұқсат бергенін Қазақстан билігі мәлімдеген.
Алайда сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадиярдың arasha.kz тілшісіне айтуынша, Қытай билігі 2018 жылдың тоғыз айында екі мыңнан аса қазаққа елден шығуға рұқсат берген және қазір де ол азаматтар Қытайдан шығып Қазақстанда немесе басқа шетелдерде жүруі мүмкін. Министрлік өкілінің сөзінше, associated press агенттігі былтыры министрлікке мәлімет беруге сұрау салған. Ол сұрауға жауап берілген. Бірақ халықаралық ақпарат агенттігі ол жауапты биыл шығарып отыр.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024